Смартфоныңызды тауып, бұғаттап, қайтарып береміз
Kcell және activ-пен бірге оған қамқорлық жасаймыз
Телефонды қалай қорғауға болады?
Небәрі үш қадам арқасында ол қауіпсіздікте болады:
Қызметтің сайтындағы Жеке кабинетке кіріңіз
Телефонды қашықтан реттеңіз және қорғанысын басқарыңыз
Телефон жоғалған жағдайда біз оны тауып, қайтарамыз — немесе ақшалай өтемақы төлейміз
1-қадам
Қолданбаны орнатыңыз
Жылдам тіркеуден өтіп, қажетті функцияларды реттеңіз
2-қадам
Қайтару және өтемақы қызметтерін қосыңыз
3-қадам
Қызметке не кіреді

Жоғалған телефонды Жеке кабинетте немесе байланыс орталығы арқылы бұғаттаңызр

mob

Телефонның орналасқан жері туралы деректерді таймер немесе онлайн сұрау арқылы алыңыз

mob

Жеке кабинеттен пәрмен бойынша телефонның ішкі жадынан және SD картасынан деректерді жойыңыз

mob

Бұғаттан шығару әрекеті кезінде жоғалған телефонның камераларынан фотосурет алыңыз

mob

Құрылғыдағы сигналды максималды дыбыс деңгейінде қашықтан қосыңыз

mob

Жоғалған телефонды тапқан кезде біз оны сіздің қолыңызға қайтару процесін толығымен ұйымдастырамыз

mob

Егер сіздің телефоныңыз 14 күн ішінде табылмаса, біз сізге ақшалай өтемақы төлейміз

mob
Пакеттер мен құны
Пакет
420 тг
Апта
Пакет
Өтемақы
150 000 тг
1 800 тг
Ай
Пакет
Өтемақы
150 000 тг
12 000 тг
Жыл
Өтемақы
150 000 тг
Телефоныңызды жоғалтсаңыз не істеу керек?
Дыбыстық сигналды қосу
Ақпаратқа қолжетімділікті бұғаттау және шектеу
Телефоныңыздың геолокациясын анықтау
Егер Жеке кабинетке кіру мүмкіндігі болмаса, біз телефоныңызды тез тауып, бұғаттаймыз.
Егер телефон жақын жерде болса, сіз оны естисіз — дыбыс максималды дыбыстық деңгейде ойнатылады.
Мұны бір рет басу арқылы — Жеке кабинет немесе тәулік бойғы call-орталық арқылы жасауға болады.
Оны қысқа мерзімде — кез келген құрылғыдан өзіңіз немесе біздің қолдау қызметімізге хабарласып қайтаруға тырысыңыз.
Байланыс орталығына нөмірі бойынша хабарлау керек 8 800 070 9089
Жиі қойылатын сұрақтар
Жеке кабинет дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Жеке кабинет - қызметтің маңызды құрамдас бөлігі, ол арқылы сіз өз телефоныңыздың қорғалуын бақылауға аласыз. Ол автоматты түрде әрбір қосылған пайдаланушы үшін қызмет сайтында жасалады.
Жеке кабинетте сіз:
1) Өзіңіздің дербес ақпаратыңызға өзгерістер енгізуе немесе толықтыра аласыз;
2) Картада телефоныңыздың шынайы уақыттағы орнын қадағалай аласыз, сонымен қатар оның қозғалыс тарихын көре аласыз;
3) Телефон жоғалған жағдайда бұғаттауды немесе дыбыстық сигналды іске қоса аласыз;
4) Жоғалған телефон камераларынан фотоқармау функциясы жіберген фотосуреттерді ала аласыз және көре аласыз;
5) Жіберілген және жұмыс істеген пәрмендерді қоса алғанда, қызметті пайдалану тарихын көре аласыз.
Көріп отырғаныңыздай, Жеке кабинет сізге өз телефоныңызды тез арада табуға және қорғауға және оны әрдайым қорғауға дайын болуға көмектеседі.
Қашықтан телефонды бұғаттау қалай жұмыс істейді?
Телефон жоғалған жағдайда бірінші кезекте оны бұғаттауға кеңес береміз. Android құрылғылары үшін сіз мұны біздің байланыс орталығымызға қоңырау шалу арқылы да, өз бетіңізше де жасай аласыз - Жеке кабинетте телефонды бұғаттаудан шығару үшін бірегей бір реттік құпиясөзді орнату арқылы қашықтан бір-екі рет басу арқылы бұғаттау мүмкіндігі бар. Бұл ретте бұғатталған телефонның экранында қорғаныс инфозаставкасы пайда болады, онда құрылғының ID нөмірі, біздің қолдау орталығымыздың байланыс деректері және телефонды сыйақы үшін қайтару туралы өтініш болады. iOS құрылғылары үшін біз iCloud арқылы бұғатты пайдалануды және телефонның жоғалғаны туралы дереу хабарлауды ұсынамыз.
Телефонның геолокациясын анықтау қалай жұмыс істейді?
Android құрылғыларында қолданба параметрлерінде сіз картада телефонның геолокациясы қандай мерзімділікпен қадағаланатынын орната аласыз - қалыпты режимде де, бұғатталған режимде де. iOS құрылғыларында бұл функция Жеке кабинетте қолжетімді. Сонымен қатар, Жеке кабинетте сіз шынайы уақыт режимінде телефонның орналасқан жерін ала аласыз және оның қозғалу тарихын көре аласыз.
Менің телефонымды тапқан адам қандай сыйақы алады және оны кім ұсынады?
Сыйақыны RADARME компаниясы ұсынады, сондықтан сіз бұл туралы алаңдамайсыз. Қосылған қызметі бар жоғалған телефонды қайтарғаны үшін біз мобильді шотты 5000 теңгеге толтыру түрінде сыйақы ұсынамыз.
Менің телефоным қанша рет жоғалуы мүмкін және компания оны іздеп қайтара береді ме?
Қызметтің бүкіл кезеңінде телефонды қанша рет іздейтінімізге және қайтаратынымызға қатысты ешқандай шектеулер жоқ. Біз пайдаланушыларымыздың жоғалту статистикасын жүргіземіз және әдетте телефондар жылына көп дегенде 1-2 рет жоғалады. Дегенмен, ерекше жағдайларда RADARME пайдаланушыға қызмет көрсету санын шектеу құқығын өзіне қалдырады.
Мен қандай жағдайда ақшалай өтемақы аламын?
Егер сіздің телефоныңыз жоғалып кетсе және біз оны 14 күн ішінде қайтаруға көмектеспесек, сіз ақшалай өтемақы аласыз. Ең бастысы, шығын туралы бізге дереу хабарлауды ұмытпаңыз.
Қолданба жоғалған телефонға орнатылған, қызмет 30 немесе одан да көп күн қосылған және қызмет пайдаланушысы полицияға жоғалғаны туралы хабарлаған жағдайда өтемақы төленеді.
Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізімі:
• Төлқұжат пен сәйкестендіру кодының көшірмесі;
• IMEI коды бар жоғалған телефонның кепілдік талонының немесе фото қораптың көшірмесі - бұл сіз телефонның иесі екеніңізді растау үшін қажет;
• СДТБТ-де (сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде) өтінімді тіркеу туралы үзінді көшірме.
Құжаттарды жібергеннен кейін сіз өтемақы аудару үшін деректемелерді көрсету қажет болатын өтініш аласыз және құжаттар пакеті сақтандыру компаниясына беріледі. Ақшалай өтемақы байланыс орталығына жүгінген сәттен бастап екі апта өткен соң пайдаланушыға 3 күн ішінде төленеді.
Бар болғаны — қолданбаны жүктеп алу керек!
Онымен біз телефонды табуға, қорғауға және қайтаруға көмектесеміз.

Қолданбаны алу үшін өзіңізге қолайлы сілтеме бойынша өтіңіз: