Сұрақтар? Мына жерден қараңыз

«Мобильді телефоныңды қорға» дегеніміз не?
«Мобильді телефоныңды қорға» – бұл туыстарыңызды картадан көруге, олардың қозғалысы туралы хабарландыру алуға және мобилді қолданба арқылы смартфонды қорғауға мүмкіндік беретін қызмет. Сервис телефонды қашықтан басқаруға мүмкіндік береді және жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны қайтаруға көмектеседі.
Қызметтің артықшылықтары
«Мобильді телефоныңды қорға» қызметімен мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізе аласыз:
— әрқашан жақындарыңыздың қайда екенін біліп, олардың қозғалысы туралы хабарландырулар алу;
— жоғалған жағдайда смартфонды қашықтан басқару (орналасқан жерін қарау, дыбыстық сигналды қосу);
— жоғалған смартфоныңызды курьер арқылы алу, тапқан адаммен біз байланыс жасаймыз;
— жеке деректерді қорғау функциясының арқасында өз деректеріңіздің қауіпсіз екеніне көз жеткізу;
— кез-келген аймақтағы ауа сапасының картасын қарап шығу.
Қызметті қалай қосуға болады?
Қызметті қосу үшін сіз ыңғайлы әдістердің бірін таңдай аласыз:
• Google Play немесе App Store дүкенінен «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасын жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өтіп, пакетті таңдаңыз;
• қажетті пакетке сәйкес келетін USSD кодын жазыңыз және қоңырауды басыңыз.

USSD кодтары:
Пакет
Құны
USSD код
Апта
420₸
*6911*1*1#
Ай
1,800₸
*6911*1*2#
Жыл
12,000₸
*6911*1*3#
Отбасылық трекер дегеніміз не?
Отбасылық трекер — бұл жақындарыңызды қорғауға және олардың қауіпсіздігіне сенімді болуға мүмкіндік беретін функция.

Ол мынадай мүмкіндік береді:
— адамның немесе смартфонның орналасқан жерін нақты уақыт режимінде қарау;
— пайдаланушылардың әртүрлі топтарын құру. Мысалы: «Балалар», «Ата-аналар» және т.б.;
— картада әр топқа сәйкес келетін жекелеген орындарды баптау. Мысалы, «Балалар» тобы үшін: мектеп, үй, спорт секциясы; «Ата-аналар» тобы үшін: дәріхана, базар және т.б.;
— картада «қауіпті» аймақтар жасау. Мысалы, «Балалар» тобы үшін: көл, аяқталмаған құрылыс; «Ата-аналар» тобы үшін: аурухана және т.б.;
— пайдаланушы құрылған аймаққа кірген немесе шыққан жағдайда хабарландырулар алу;
— қатысушылардың әртүрлі санаттары үшін қолжетімділік деңгейлерін басқару.
Қорғаныс функциялары дегеніміз не?
Қорғаныс функциялары — бұл сіздің құрылғыңызды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар құрылғыңыз жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны қайтаруға көмектесетін әрекеттер жиынтығы.

Пайдалану үшін қолжетімді функциялар:
— телефонды қашықтан бұғаттау;
— дыбыстық сигналды қосу;
— зиянкестің қашықтағы фотосуреті;
— телефонның геолокациясын анықтау;
— жеке деректерді қорғау.

іOS пайдаланушылары үшін «зиянкестің қашықтағы фотосуреті» функциясы Apple саясатына байланысты жұмыс істемейді. Сондай-ақ, «телефонды қашықтан бұғаттау» iCloud арқылы жүзеге асырылады.
Бір аккаунтты әртүрлі құрылғыларда пайдалануға бола ма?
Жоқ.

Қолданбаның дұрыс жұмыс істеуі үшін сіз бір құрылғыда тек бір аккаунтты ғана пайдалануыңыз керек: осылайша сіз отбасылық трекерде өзіңіздің орналасқан жеріңізді дұрыс қадағалай аласыз. Сондай-ақ, бұл Жеке кабинеттегі өз есептік жазбаңыз арқылы телефонды қашықтан басқару үшін қажет.

Алайда, смартфон жоғалған жағдайда қорғаныс функцияларын пайдалану үшін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізге өзіңізге ыңғайлы кез-келген құрылғыдан кіре аласыз (бұл үшін сізге логин мен құпиясөзді енгізу қажет болады).
ID нөмір дегеніміз не, және оны қайдан көруге болады?
ID нөмір — бұл жеке деректерді таратусыз жоғалған телефонды қайтаруға мүмкіндік беретін бірегей идентификатор. ID-нөмірді бұғатталған құрылғының экранынан немесе пайдаланушының жеке кабинетінен көруге болады.
Қолдау қызметімен қалай байланысуға болады?
«Мобильді телефоныңды қорға» қолдау қызметімен байланысу үшін 8 800 070 9089 нөміріне қоңырау шалыңыз (Kcell абоненттері үшін тегін) немесе help@theradar.kz электрондық поштасына жазыңыз.  
Қызметтің әрекет ету аумағы
Қызмет әлемнің барлық түкпірлерінде әрекет етеді.
Мен телефон тауып алдым, не істеуім керек?
«Мобильді телефоныңды қорға» қолдау қызметіне 8 800 070 9089 нөміріне қоңырау шалу (Kcell абоненттері үшін тегін) немесе help@theradar.kz электрондық поштасына жазу арқылы хабарласыңыз.
Телефонды тауып қайтарған адам қандай сыйақы алады?
Сыйақыны RADARME компаниясы береді, сондықтан сізге бұл туралы алаңдау қажет емес. Өтемақы ретінде тапқан адамның мобилді шоты 5 000 KZT-ға толықтырылады.
Қызмет қандай смартфондар үшін қолжетімді?
Қызмет Android (8 және одан жоғары) және iOS (15 және одан жоғары) операциялық жүйесі бар құрылғыларға қосылу үшін қолжетімді.
Қызметтен қалай бас тартуға болады?
Қызметтен бас тарту үшін смартфон пернетақтасында *6911*4# USSD кодын теріңіз және қоңырауды басыңыз. Қолданбаны жою қызметті өшіруге тең келмейтіні есіңізде болсын.
Дыбыстық сигнал
Егер сіздің телефоныңыз жақын жерде жоғалып кетсе, оны «Дыбыстық сигнал» функциясы арқылы табуға болады.

Ол үшін:
— Жеке кабинетке кіру;
— батырманы басу арқылы функцияны іске қосу қажет.

Осыдан кейін «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасы орнатылған өз смартфоныңыздан Дыбыстық сигналды естисіз, ол максималды дыбыс қаттылығымен ойнайды. Сіз оны дәл солай: Жеке кабинет арқылы өшіре аласыз.
Телефонның геолокациясы
Сіз Android/iOS операциялық жүйелері орнатылған телефонның орналасқан жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде ала аласыз.

Ол үшін жеке кабинеттен смартфонның орналасқан жерін анықтау туралы сұраныс жіберу керек. Функцияның дұрыс жұмыс істеуі үшін құрылғыда геолокация қосулы болуы керек. Әйтпесе, деректер дәлме-дәл берілмеуі мүмкін.
Жеке деректерді қорғау
Әрбір үшінші адам онлайн алаяқтыққа немесе есептік жазбаның ұрлануына ұшырады. Сондықтан біз «Жеке деректерді қорғау» функциясын қолданамыз, ол сіздің жеке деректеріңіздің желіге сіз пайдаланатын кез келген сайттар мен платформалардан таратылғанын анықтауға көмектеседі.

«Жеке деректерді қорғау» функциясының алгоритмдері бүкіл әлем бойынша мыңдаған дереккөздерден алынған үлкен көлемдегі деректерді үздіксіз бақылауға және талдауға арналған. Осылайша, функция сіздің жеке деректеріңізді қорғауды қамтамасыз етеді. Белгілі бір кезеңділікпен сіздің Жеке кабинетіңізге байланған электрондық мекенжайға жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы хабарландырулар сіздің электрондық жәшігіңізге келеді.

Егер сіздің деректеріңізді үшінші тұлғалар пайдаланса, келесі әрекеттерді орындау қажет, олар сіз туралы ақпаратты сақтауға көмектеседі:
— электрондық пошта құпиясөзін мүмкіндігінше тезірек ауыстырыңыз;
— егер сіз электрондық поштаның құпиясөзін басқа дереккөздерде қолданған болсаңыз (онлайн-банкинг, маркетплейс және т.б.), онда оны да ауыстыру қажет;
— маңызды сервистерде екі факторлы аутентификация қосылғанына көз жеткізіңіз.
Смартфонды жоғалтқан кезде не істеу керек?
Егер сіз смартфоныңызды жоғалтсаңыз, мынадай әрекеттерді орындаңыз:
— геолокацияны анықтау функциясын пайдаланыңыз, егер телефон жақын жерде болса — дыбыстық сигналды іске қосыңыз;
— телефонды жеке кабинеттен бұғаттаңыз;
— қолдау қызметіне хабарласыңыз және құрылғының жоғалғаны туралы хабарлаңыз.

«Мобильді телефоныңды қорға» сервисінің арқасында сіздің құрылғыңыздың табылу мүмкіндігі артады. Бұған телефонды бұғаттау экранындағы ақпарат көмектеседі: біздің команданың қолдау қызметінің контактілері, құрылғыны тапқан адамға ақшалай сыйақы беру туралы уәде (ақшаны біз береміз). Сондай-ақ, сіздің жеке деректеріңіз қауіпсіздікте болады, және біз өз курьерімізбен гаджеттің тікелей сіздің қолыңызға қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз етеміз.

Егер сіз смартфоныңызды 14 күн ішінде таба алмасаңыз, «Мобильді телефоныңды қорға» сервисі сіздің тарифіңізге сәйкес сізге өтемақы алу мүмкіндігін береді.
Әлдекім менің рұқсатымсыз мені таба ала ма?
Жоқ.

Сіздің орналасқан жеріңізді басқа адам көруі үшін сіз өз рұқсатыңызды беруіңіз керек. Ол үшін шақырудағы сілтеме арқылы қатысушылар тобына қосылу қажет.
Орналасқан жеріңізді бөлісуді қалай тоқтатуға болады?
Басқалар сіздің орналасқан жеріңізді көруді тоқтату үшін геолокация рұқсатын өшіру керек: бұл жағдайда орналасқан жер туралы ақпарат жаңартылмайды. Егер сіз өзіңіздің орналасқан жеріңізді топтың көрмегенін қаласаңыз — топтан шығып кеткен жөн.
Қатысушылардың қозғалысы нақты уақыт режимінде көрсетіле ме?
Иә.

Қатысушылардың қозғалысы «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасында картада нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Функцияның дұрыс жұмыс істеуі үшін құрылғыда интернет, геолокацияға қолжетімділік қосылып тұру керек және қолданба фондық режимде жұмыс істеуі тиіс. Егер қатысушының геолокациясы жаңартуды тоқтатса — интернетке қосылуды тексеріңіз.
Менің досымнан/отбасы мүшесінен келген шақыруда сілтеме бар — мен онымен не істеуім керек?
Шақыру бір-бірінің орналасқан жерін бақылау үшін қатысушылар тобына қосылуға мүмкіндік береді. Сілтеме бойынша өткеннен кейін сіз топ қатысушыларының тізімін қарап шығып, оларға қосылу-қосылмау туралы шешім қабылдай аласыз.
Орын дегеніміз не?
«Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасында өз «орындарыңызды» құру мүмкіндігі бар. Бұл жақындарыңыздың орналасқан жерін және олардың межелі орынға уақытында жеткенін немесе сол орыннан кеткенін білу үшін қажет.

Сондай-ақ, белгілі бір орындарды қауіпсіз және қауіпті деп белгілеуге болады. Егер сіздің туыстарыңыздың бірі қауіпті ортада болса, сіз хабарландыру аласыз және бірден көмектесе аласыз.
Қандай орындар бар?
Пайдаланушының қауіпсіз және қауіпті орын құру мүмкіндігі бар. Картада қауіпті орын қызыл түспен көрсетіледі.

Пайдаланушылардың қозғалысы туралы хабарландырулар «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасына және мобилді құрылғыдағы хабарландырулар панеліне келіп түседі.
Орынды қалай құруға болады?
Орынды құру үшін орындар көрсетілген мәзірге кіру керек. Онда плюс батырмасын басып, «Жаңа орын құру» керек.

Әрі қарай:
— орынның радиусын көрсету;
— оған атау беру;
— оның қауіпсіз немесе қауіпті аймақ екенін белгілеу;
— хабарландыруларды орнату: осы аймақта жүріп-қозғалатын адамдарды таңдау керек.
Орынды қалай редакциялауға болады?
Орынды редакциялау үшін орындар көрсетілген мәзірге өтіп, өзгерткіңіз келетін орынның атауын басуыңыз керек. Сол жерде сіз орынның радиусын, атауын және түрін (қауіпсіз/қауіпті) өзгерте аласыз және хабарландыруларды баптай аласыз.
Орынды қалай жоюға болады?
Орынды жою үшін орындар көрсетілген мәзірге өтіп, жойғыңыз келетін орынның атауын басуыңыз керек. Содан кейін редакциялауды таңдап, жоғарғы оң жақ бұрыштағы 3 нүктені басу керек. Сол жерде сіз орынды жоюды таба аласыз.
Мен қандай хабарландырулар ала аламын?
Пайдаланушының мыналар туралы хабарландыру алу мүмкіндігі бар:
— қатысушының топқа қосылуы;
— топтан шығып кеткен қатысушы;
— орынға кірген қатысушы;
— орыннан кетіп қалған қатысушы;
— орынды құру;
— орынды жою.
Белгілі бір орынға арналған хабарландыруларды қалай қосуға немесе өшіруге болады?
Орын баптауларында сіз топ қатысушыларының әрқайсысы үшін хабарландыру параметрлерін өзгерте аласыз.

Ол үшін:
— орындар көрсетілген мәзірге өтіңіз;
— қажетті орын атауын басыңыз;
— «Редакциялауды» басыңыз;
— жүгірткілер арқылы хабарландыруларды баптаңыз.
Топ дегеніміз не?
Топ — бұл бір-бірінің орналасқан жерін бақылай алатын және олардың қозғалысы туралы хабарландыру алатын адамдар тобы. Қызметтің әр пайдаланушысы өз атаулары бар бірнеше топ құра алады және қатысушыларды қоса алады, немесе бұрыннан құрылған топқа қосыла алады.
Топты қалай құруға болады?
Топ құру үшін Отбасылық трекерде «Топ құру» батырмасын басып, оның атын ойлап тауып, оған жақындарыңызды шақыру керек.
Топты қалай жоюға болады?
Әкімші, яғни топты құрған адам, топты жоя алады. Мұны орындау үшін алдымен жойылуы тиіс топты таңдап, оның баптауларына өтіп, «Топты жою» батырмасын басыңыз.
Қатысушыны топқа қалай шақыруға болады?
Жақындарыңызды топқа қосу және олардың қозғалысын көру үшін «Мобильді телефоныңды қорға» мобилді қолданбасынан сілтемесі бар шақыру жіберу керек. Бұл әрекетті орындау үшін таңдалған топтың баптауларын ашып, «Шақыру» батырмасын басып, шақыруды (Viber, WhatsApp және т.б.) мессенджер арқылы бөлісу керек.
Топқа қалай қосылуға болады?
Топқа қосылу үшін шақыру бойынша өту керек. Шақыру топтың қатысушысы болуға және картада бір-бірінің орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Шақыру бойынша өткеннен кейін сіз топ қатысушыларының тізімін қарап шығып, оларға қосылу-қосылмау туралы шешім қабылдай аласыз.
Топтар арасында қалай ауысуға болады?
Пайдаланушы бір уақытта бірнеше топтың қатысушысы болу мүмкіндігіне ие.  Бір топтан екінші топқа өту үшін топтар тізімі бар мәзірді ашып (ортасында, картаның жоғарғы жағында) және қажетті топты таңдау керек.
Топ әкімшісі не істей алады?
Әкімші, яғни топты құрған адам, оны басқару мүмкіндігіне ие:
— топтың атын өзгерту;
— жаңа қатысушыларды шақыру;
— қатысушының рөлін өзгерту;
— әкімшінің құқықтарын басқа қатысушыға алдын ала бергеннен кейін топтан шығу.
Қатысушылардың қандай рөлдері бар және олардың мүмкіндіктері қандай?
Әкімші:
— барлық орындарды көре алады;
— жаңа орындарды құра алады және барлық бар орындарды басқара алады (қауіпсіз/қауіпті деп белгілеу, мекенжайды редакциялау, олардың атауын өзгерту);
— хабарландыруларды көре алады;
— әрбір қатысушы үшін рөлдерді тағайындай алады (әкімші, қонақ);
— қатысушыны топқа шақыра алады және топтан шығара алады;
— топтың атауын редакциялай алады;
— топты жоя алады;
— егер өзінен басқа әкімшілер болса, топтан шыға алады.

Қонақ:
— барлық орындарды көре алады;
— жаңа орындарды құра алады және оларды басқара алады;
— хабарландыруларды көре алады;
— қатысушыларды топқа шақыра алады;
— топтан шыға алады.
Қатысушының рөлін қалай өзгертуге болады?
Қатысушының рөлін тек топ әкімшісі, яғни топты құрған адам ғана өзгерте алады. Бұл әрекетті орындау үшін ол қатысушының белгішесін басу арқылы — «Профиль» қатысушының профилін ашып, оған рөл таңдау керек.
SOS батырмасы дегеніміз не?  
SOS батырмасы — бұл өзіңізге қауіп төніп тұрғанын тез және оңай хабарлауға мүмкіндік беретін функция. SOS батырмасын басқаннан кейін сіз алдын ала таңдаған контактілер сізге қауіп төніп тұрғаны туралы SMS хабарлама алады. Сондай-ақ, олар сіздің орналасқан жеріңіз туралы ақпарат алады, сізде интернет болған жағдайда ол жер 24 сағат бойы жаңартылып отырады. Егер интернет болмаса, алдын ала таңдалған контактілер сіздің соңғы орналасқан жеріңіз туралы ақпарат алады.
SOS батырмасы қалай жұмыс істейді?
Сіз телефоныңыздағы тізімнен 10 контактіні таңдайсыз. Дәл осы контактілер SOS сигналы бар SMS хабарламасын алады.

SOS батырмасын басқан сәтте сізге қауіп төніп тұрғаны туралы және орналасқан жеріңізді көруге болатын картаға сілтемесі бар SMS хабарлама генерацияланады.

Сізге хабарландыру жіберу батырмасын басу керек және алдын ала таңдалған контактілерге SMS хабарламалары жіберіледі.
Орналасқан жеріңіз көрсетілген сілтеме 24 сағат бойы жарамды болады және сіздің геопозицияңыз үнемі жаңартылып отырады.

Жіберілген SMS сіздің тарифтік жоспарыңызға сәйкес тарифтеледі.
SOS батырмасын қалай баптау керек?
SOS батырмасының дұрыс жұмыс істеуі үшін қолданбаға геопозицияға кіруге рұқсат беру және SOS батырмасы пайдаланылған жағдайда SMS хабарламалар алатын контактілер тізімін таңдау жеткілікті.

Геолокацияны баптау үшін:
— ұялы телефон параметрлеріне кіру;
— «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасын табу;
— «Геопозицияны» ашу;
— рұқсатты «Әрқашан» етіп өзгерту қажет.

Шұғыл контактілерді қосу үшін:
— «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасына кіру;
— «SOS» бөліміне өту;
— «Контактілерді қосу» батырмасын басу;
— тізімнен контактілерді таңдау қажет.
SOS батырмасы жұмыс істемейді
Алдымен интернет байланысын тексеріңіз. Сондай-ақ, геопозицияға рұқсат бергеніңізді тексеріңіз. Егер жоқ болса, «SOS батырмасын қалай баптауға болады?» тармағын қараңыз.  

Егер жоғарыда айтылғандардың барлығы дұрыс жұмыс істесе, 8 800 070 9089 нөмірі бойынша қолдау қызметіне хабарласыңыз (Kcell абоненттері үшін тегін). Біз сізге міндетті түрде көмектесеміз. (бесплатно для абонентов Kcell). Мы обязательно вам поможем.
Шұғыл контактілер дегеніміз не?
Шұғыл контактілер — сенетін адамдарыңыздың өзіңіз алдын ала таңдаған ұялы телефон нөмірлері. Егер сіз SOS батырмасын бассаңыз, олар сізге қауіп төніп тұрғаны туралы SMS хабарлама алады. Шұғыл контактілер сіздің орналасқан жеріңізге қол жеткізе алады және мүмкіндігінше тезірек көмектесе алады.
«Ауа сапасы картасы» қалай жұмыс істейді?
«Ауа сапасы картасы» функциясының арқасында сіз әлемнің кез келген жеріндегі ауа сапасы индексін (AQI) қарап шығып, оның нені білдіретінін біле аласыз.

Картаны қарау кезінде сіз ауа сапасы көрсеткіші бар маркерлерді көресіз. Картаның масштабы кішірейтілген кезде маркерлер топтастырылады және белгілі бір аймақтар шегінде орташа индексті көрсетеді. Масштаб үлкейтілген кезде маркерлер топтан шығарылады және ауа сапасының деңгейін егжей-тегжейлі көрсетеді.

Маркерді басқан кезде қосымша ақпарат ашылады, ол мыналарды көрсетеді: AQI деңгейі, желдің жылдамдығы, ауа температурасы, ауаның ылғалдылығы, РM 2.5, РM 10 немесе ОЗ деңгейі.

Ауа сапасы индексінің (AQI) санаттары және олардың адам денсаулығына әсері:
1. Жасыл түс (0 – 50) — Жақсы: минималды әсер;
2. Сары (51 – 100) — Қанағаттанарлық: сезімтал адамдарда тыныс алу кезінде аздап ыңғайсыздық тудыруы мүмкін;
3. Қызғылт сары (101 – 200) — Сезімтал топтар үшін жайсыз: астма сияқты өкпе аурулары бар адамдарда, сондай-ақ жүрек аурулары бар адамдарда, балаларда және қарттарда тыныс алу ыңғайсыздығын тудыруы мүмкін;
4. Қызыл (201 – 300) — Зиянды: ұзақ уақыт әсер еткенде тыныс алудың ыңғайсыздығын, сондай-ақ жүрек аурулары бар адамдарда ыңғайсыздық тудыруы мүмкін;
5. Күлгін (301 — 400) — Өте зиянды: ұзақ уақыт әсер еткенде адамдарда респираторлық аурулар тудыруы мүмкін. Әсері өкпе және жүрек аурулары бар адамдарда айқынырақ болуы мүмкін;
6. Қою қызыл (401 – 500) — Қауіпті: тіпті дені сау адамдарға әсер етуі мүмкін және өкпе немесе жүрек аурулары бар адамдардың денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін. Жағымсыз әсерлер тіпті жеңіл физикалық белсенділік кезінде де пайда болуы мүмкін.

* AQI — ауаның ластану деңгейін көрсету үшін қолданылатын мән.
** РМ 2.5 — ауадағы диаметрі 2.5 мкм және одан аз заттар бөлшектерінің деңгейін көрсететін мән.
*** РМ 10 — ауадағы диаметрі 2,5 мкм-ден 10 мкм-ге дейінгі заттар бөлшектерінің деңгейін көрсететін мән.
**** ОЗ — ауаның озонмен ластану деңгейін көрсететін мән.
Картаны қалай баптау керек?
Ауа сапасының деңгейін көру үшін:
— «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасына кіру;
— картаның төменгі оң жақ бұрышында «Карта түрлері» белгішесін басу;
— «Ауа сапасы картасы» функциясын іске қосу үшін жүгірткіні пайдалану қажет.

Функцияның дұрыс жұмыс істеуі үшін «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасында «Әрқашан рұқсат ету» опциясымен құрылғының орналасқан жерін анықтауға рұқсат беру қажет. Егер сіз ауа сапасы туралы ақпаратты қамтитын маркерлерді алып тастағыңыз келсе, «Карта түрлеріне» қайта кіріп, ауыстырып-қосқышты өшіруіңіз керек.
Картадағы маркерлер ұзақ жүктеледі
Картаның масштабын үлкейту немесе кішірейту кезінде біз белгілі бір жердегі ауа сапасын оңай қарап көру үшін маркерлерді топтастырамыз немесе топтан шығарамыз. Бұл процесс бірден жүрмейді, бірақ картаның масштабын бірнеше секунд бойы өзгертпеу жеткілікті, осыдан кейін өзекті ақпараты бар маркер пайда болады және оны қарау үшін белсенді болады.
Ауа сапасының барлық көрсеткіштері көрсетілмейді
Біз ауа сапасының көрсеткіштері туралы ақпаратты әртүрлі өлшеу станцияларынан аламыз. Олардың әрқайсысы маркерді басқан кезде пайда болатын белгілі бір көрсеткіштер жиынтығын береді. Дегенмен, барлық дерлік станциялар РM 2.5, РM 10 немесе ОЗ, ылғалдылық, температура және т.б. туралы деректерді жинай бермейді. Сондықтан маркерлердің бірінде барлық көрсеткіштер бойынша мәндер, ал екіншісінде — мәндердің тек бір бөлігі ғана көрсетілуі мүмкін.
Ауа сапасы туралы ақпарат тек Қазақстан үшін қолжетімді ме?
Біз әлемнің түкпір-түкпірінен алынған ақпаратты көрсетеміз. Сондықтан сіз қай жерде болсаңыз да, ауа сапасы бойынша деректерді тексере аласыз. Сондай-ақ, барлық ластанған аймақтарды айналып өту үшін, қолданбаға сүйене отырып саяхатыңызды жоспарлай аласыз.
Ақпараттың дұрыстығы
Ауа сапасы деңгейі (AQI) туралы ақпаратты біз waqi.info и aqicn.org дереккөздерінен аламыз.  
Қолданба ақауларының ең көп тараған себептері
Төменде қолданба ақауларының негізгі себептері берілген.

Барлық баптауларды тексеріп, төменде келтірілген себептерді жойыңыз, өйткені бұл қосу пен жаңарту мәселелерінің 99%-ын шешуге мүмкіндік береді.

Баптауларды тексеріп, қиындықтарға тап болған адамның телефонында проблемаларды жою үшін әрекеттерді орындау керек.
Төменде келтірілген себептердің біріне байланысты қосу немесе орналастыру проблемалары туындауы мүмкін:
— телефон өшірулі немесе аккумулятор заряды 20%-дан төмен;
— телефон ұшу режимінде;— қатысушы қолданбаны жойды;
— «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасы үшін геодеректерге қолжетімділік өшірілген;
— телефон интернет байланысы жоқ немесе шектеулі аймақта орналасқан;
— WiFi қосылысы дұрыс жұмыс істемейді;
— ұялы байланыс операторлары телефон қоңырауы кезінде интернетті әрдайым қолдай алмайды. Бұл жағдайда, сіз телефонмен сөйлесіп тұрған кезде, біздің жүйе сіздің қозғалыстарыңызды жаңарта алмайды.

Егер сіз бәрін тексерген болсаңыз, бірақ қиындықтар әлі де болса — 8 800 070 9089 нөмірі бойынша біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз (Kcell абоненттері үшін тегін). Біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Қызмет қандай смартфондар үшін қолжетімді?
Қызмет Android (8 және одан жоғары) және iOS (15 және одан жоғары) операциялық жүйесі бар құрылғыларға қосылу үшін қолжетімді.
Менде жаңа смартфон бар, сервисті қалай ауыстыруға болады?
Қызметті жаңа телефонда пайдалану үшін оған «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасын жүктеп, қызмет қосылған нөмірді енгізу жеткілікті. Деректер автоматты түрде синхрондалады.
Трекердің жұмыс істеуі үшін міндетті баптаулар
Отбасылық трекердің Android-те дұрыс жұмыс істеуі үшін:
Қолданбаны орнатқан кезде оған локацияны анықтау мүмкіндігін және батареяны пайдалануға рұқсат беру қажет. Егер сіз осыларды осы кезеңде бермеген болсаңыз, осы рұқсаттарды баптауларда қосуға болады.    

Локацияны анықтау:
Құрылғының баптауларына өтіңіз — Қолданбалар — Мобильді телефоныңды қорға — Рұқсаттар — Орналасқан жері — «Кез келген режимде рұқсат ету» батырмасын басыңыз.

Батареяны пайдалану:
Құрылғының баптауларына өтіңіз — Бағдарламалар — Мобильді телефоныңды қорға — Энергияны үнемдеу — «Шектеулер жоқ» батырмасын басыңыз.
Қатысушының орналасқан жері жаңартылмайды, не істеу керек?
Уайымдамаңыз! Топ қатысушысының орналасқан жерін көре алмауыңыздың бірнеше себептері бар, оларды түзету оңай:
— қатысушы «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасын жойды;
— ол телефонын өшірді немесе аккумулятордың заряды таусылды;
— қатысушының интернет желісімен байланысы нашар немесе мүлдем жоқ;
— қатысушының телефоны ұшу режимінде;
— қатысушының телефоны VPN-ге қосылған.

Сондай-ақ әрбір қатысушы Android ОЖ орнатылған құрылғысындағы геолокация баптауларын тексеруі тиіс:
Телефон баптаулары — Қолданбалар — Мобильді телефоныңды қорға — Рұқсаттар — Орналасқан жері — Кез келген режимде рұқсат ету.

iOS ОЖ орнатылған телефондар үшін мынадай бөлімге өту керек:
Телефон баптаулары — Мобильді телефоныңды қорға — Геопозиция — Әрқашан рұқсат ету және нақты геопозицияны қосу.

Басқа адамның орналасқан жерін көрмеуіңіздің тағы бір ықтимал себебі — iOS жүйесіндегі төмен энергия тұтыну режимі. Бұл режим қолданбалардың фондық жаңартуын азайтады немесе өшіреді, бұл «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасының жұмысына кедергі келтіреді. Сондықтан орынды дұрыс көру үшін төмен энергия тұтыну режимін өшірген жөн.

Құрылғылардың әрқайсысында қолданбаның соңғы нұсқасы жүктелгеніне және интернетке кіру мүмкіндігі қосылғанына көз жеткізіңіз.
Орындалған әрекеттер тарихын қалай көруге болады?
Әрбір пайдаланушының орындалған әрекеттер тарихын көру мүмкіндігі бар. Ол үшін Жеке кабинетке кіріп, «Тарих» бөлімін таңдау керек.
Мен орындалған әрекеттер тарихын жоя аламын ба?
Жоқ.

Ол сіздің Жеке кабинетіңізде автоматты түрде сақталады.
Android құрылғысынан «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасын қалай жоюға болады?
Егер Сіз Android ОЖ орнатылған құрылғыда «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасын жоя алмасаңыз, мына іс-әрекеттерді орындаңыз:
— телефон баптауларын ашыңыз;
— «Қауіпсіздік» бөліміне өтіңіз;
— «Құрылғы әкімшісін» басыңыз;
— қанат белгісін алып тастаңыз.

Осыдан кейін сіз бағдарламаны әдеттегідей жоя аласыз.
Орналасқан жердің дәлдігін қалай жақсартуға болады?
Алдымен әр телефонда орналасқан жерді анықтайтын барлық қызметтер, атап айтқанда, GPS пен Интернетке қолжетімділіктің қосылғанына көз жеткізіңіз.

Маңызды: ұялы байланыс операторлары телефон қоңырауы кезінде интернетті әрдайым қолдай алмайды. Бұл жағдайда, сіз телефонмен сөйлесіп тұрған кезде, біздің жүйе сіздің қозғалыстарыңызды жаңарта алмайды.

Орналасқан жерді барынша дәл анықтауға арналған баптаулар:
— VPN дәлдікке кедергі келтіреді, сондықтан оны «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасымен қатар пайдаланбаңыз;
— «Дене белсенділігі» рұқсаттары қосулы тұруы және «Рұқсат етілген» болуы керек;
— «Дәл орналасқан жерді» қосу керек;
— егер телефон аккумуляторының заряды таусылған болса немесе ол өшірілген болса, өз есептік жазбаңызды және орналасқан жеріңізді жаңарту үшін «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасын қайта ашыңыз;
— ата-ана бақылауы және қауіпсіздік бағдарламалары, қажет болып жатқан жағдайда, қолданбаның орналасқан жерге қол жеткізуіне кедергі келтіруі мүмкін;
— Android операциялық жүйесі орнатылған телефондарда «Ұйқы режиміне» өтуі мүмкін. «Ұйқы режиміндегі» «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасы қатысушының орналасқан жерін жаңартпайды. Қолданбаның «Ұйқы режиміне» өтуіне жол бермеу үшін оны екі күн сайын ашып отырыңыз;
— орналасқан жерді баптау үшін «Орналасқан жерді пайдалануға әрқашан рұқсат ету» мәнін орнату керек. «Пайдалану кезінде» параметрін пайдалану қолданбаның дұрыс жұмыс істеуіне және орналасқан жерді дұрыс сақтауға мүмкіндік бермейді;
— «Төмен қуат» режимін өшіру керек. Ол «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасына деректерді фондық режимде жаңартуға мүмкіндік бермейді;
— қолданбаның фондық жаңартуын қосу керек.
«Мобильді телефоныңды қорға» қызметі тегін бе?
«Мобильді телефоныңды қорға» қызметі ақылы. Бірақ кез-келген пакетті бірінші рет қосқан кезде, сіз 7 күн тегін пайдалану мүмкіндігін аласыз.
Қызмет құны
Қызмет құны таңдалған тарифке байланысты. Қызметті қосу үшін телефондағы пернетақтаға қажетті пакетке сәйкес келетін USSD кодын жазып, қоңырауды басыңыз:
Пакет
Құны
USSD код
Апта
420₸
*6911*1*1#
Ай
1,800₸
*6911*1*2#
Жыл
12,000₸
*6911*1*3#
Қызмет ақысы қалай төленеді?
Төлемге арналған қаражат сіз қызметті қосқан SIM-картадан есептен шығарылады. Төлем сіз таңдаған пакетке сәйкес жүзеге асырылады.
Пакетті төлеуге қаражат жеткіліксіз
Егер шотыңызда жазылымды ұзарту үшін жеткілікті қаражат болмаса, 60 күн ішінде қаражатты толықтыру қажет. Тарифті 60 күн ішінде төлемеген жағдайда, сіз автоматты түрде «Мобильді телефоныңды қорға» қызметінен ажыратыласы
Пакетті қалай өзгертуге болады?
Тарифті өзгерту үшін телефондағы пернетақтаға қажетті пакетке сәйкес келетін USSD кодын жазып, қоңырауды басыңыз.
Пакет
Құны
USSD код
Апта
420₸
*6911*1*1#
Ай
1,800₸
*6911*1*2#
Жыл
12,000₸
*6911*1*3#
Жеке кабинет дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Жеке кабинет — бұл сіз өз телефоныңыздың қорғанысын бақылай алатын орын. Ол қызметті қосқаннан кейін әр пайдаланушы үшін автоматты түрде жасалады.

Жеке кабинетте мынадай мүмкіндіктер бар:
— өз жеке ақпаратыңызды өзгерту немесе толықтыру;
— өз телефоныңыздың орналасқан жерін нақты уақыт режимінде картадан қадағалау;
— жіберілген және орындалған командаларды қоса алғанда, қызметті пайдалану тарихын қарау;
— құпиясөзді қалпына келтіру;
— смартфонды қашықтан басқару.

«Отбасылық трекер» функциясы үшін жеке кабинет қажет емес. Барлық баптаулар мен қадағалау смартфонда өтіп отырады.
Құпиясөзді қалай қалпына келтіруге болады?
Құпиясөзді қалпына келтіру үшін:
— «Мобильді телефоныңды қорға» қызметінің Жеке кабинетіне кіру бетіне өту;
— «Құпиясөзді еске түсіруді» басу;
— тіркеу кезінде өзіңіз көрсеткен электрондық жәшіктің мекенжайын енгізу;
— электрондық поштаға өтіп, «Мобильді телефоныңды қорға» қызметінен келген хатты ашу;
— құпиясөзді қалпына келтіру үшін хаттағы сілтеме бойынша өту;
— жаңа құпиясөз жасау және оны сақтау қажет.

Егер құпиясөзді қалпына келтіруде қандай да бір қиындықтар туындаса, 8 800 070 9089 нөмірі бойынша қолдау қызметіне хабарласыңыз (Kcell абоненттері үшін тегін). Біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Өз жеке деректеріңізді қалай өзгертуге болады?
Сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңызды қызметтің жеке кабинетінде немесе «Мобильді телефоныңды қорға» қолданбасында өзгерте немесе толықтыра аласыз.
ID нөмір дегеніміз не және оны қайдан көруге болады?
ID нөмір — бұл жеке деректерді таратусыз жоғалған телефонды қайтаруға мүмкіндік беретін бірегей идентификатор. ID-нөмірді бұғатталған құрылғының экранынан немесе пайдаланушының жеке кабинетінен көруге болады.
Орналасқан жерді анықтау туралы сұранысты қалай жіберуге болады?
Орналасқан жерді анықтау туралы сұраныс жіберу үшін:
https://my.safemobile.activ.kz/login сайтындағы жеке кабинетке кіріңіз;
— «Құрылғыны басқару» бөліміне өтіп, «Гео» батырмасын басыңыз;
— төменде «Локацияны анықтау» батырмасын басыңыз.

Дайын! Локация картада көрсетілетін болады.Готово! Локация будет отображаться на карте.
Орналасқан жерді қалай көруге болады?

Орналасқан жерді көру үшін:
— https://my.safemobile.activ.kz/login сайтындағы жеке кабинетке кіріңіз;
— «Құрылғыны басқару» бөліміне өтіп, «Гео» батырмасын басыңыз;
— картада соңғы локация көрсетіледі;
— картаның астында күндер мен координаттары көрсетілген қозғалыс тарихы қолжетімді.

Геолокацияны анықтау функциясы жұмыс істемейді
Егер сіз осы команданы орындауда қиындықтарға тап болсаңыз — функцияның жұмыс істеу рұқсатын қосқаныңызға және құрылғыда интернет қосылғанына көз жеткізіңіз.

Егер барлық талаптар орындалса және команда әлі де қолжетімді болмаса — 8 800 070 9089 нөмірі бойынша қолдау қызметіне хабарласыңыз (Kcell абоненттері үшін тегін). Біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.
Дыбыстық сигналды қалай қосуға болады?
Дыбыстық сигналды қосу үшін:  
https://my.safemobile.activ.kz/login сайтындағы жеке кабинетке кіріңіз;
— «Құрылғыны басқару» бөліміне өтіңіз;
— «Дыбыстық сигналды қосу» батырмасын басыңыз;
— сигналдың қосылғаны туралы хабарландыруды күтіңіз.

Дайын! Егер сіздің смартфоныңыз жақын жерде болса, сіз оны бірден естисіз.
Дыбыстық сигналды қалай өшіруге болады?
Дыбыстық сигналды өшіру үшін:
https://my.safemobile.activ.kz/login сайтындағы Жеке кабинетке кіріңіз;
— «Құрылғыны басқару» бөліміне өтіңіз;
— «Дыбыстық сигналды өшіру» батырмасын басыңыз;
— сигналдың өшірілгені туралы хабарландыруды күтіңіз.

Дайын! Сигнал енді айналадағыларды шошытпайды ;)  
Дыбыстық сигнал функциясы жұмыс істемейді
Егер сіз дыбыстық сигналды пайдалануда қиындықтарға тап болсаңыз — функцияның жұмыс істеу рұқсатын қосқаныңызға және құрылғыда интернет қосылғанына көз жеткізіңіз.

Егер барлық талаптар орындалса және дыбыстық сигнал тиісті түрде жұмыс істемесе — 8 800 070 9089 нөмірі бойынша қолдау қызметіне хабарласыңыз (Kcell абоненттері үшін тегін). Біз сізге міндетті түрде көмектесеміз.

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Егер Сіз Жиі қойылатын сұрақтар бөлімінде сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, бізбен әрқашан электрондық пошта немесе 8 800 070 9089 нөмірі арқылы байланыса аласыз.

Жақындарыңыздың қауіпсіздігін орнатыңыз және қамқорлық жасаңыз